Самұрық-Энергода алдағы жылыту маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр

Самұрық-Энергода алдағы жылыту маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр

«Самұрық-Энерго» АҚ энергетикалық объектілерінде күзгі-қысқы кезеңге дайындық бағытындағы жөндеу науқаны қызу жүріп жатыр.

Үздіксіз энергиямен және жылумен жабдықтауды тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін «Самұрық – Энерго» АҚ компаниялар тобында жалпы саны 104 бірлік жабдыққа 116 жөндеу жоспарланып отыр. 

Бүгінгі таңда жоспарланған жөндеу жұмыстарының 50%-ға жуығы  орындалды.  

Екібастұз 1-МАЭС №2, 5, 7, 8 энергия блоктары, Екібастұз ЖЭО-дағы №1 турбина, Алматы 1-ЖЭО-дағы №9, 10, 13 қазандықтар, №8, 5 су жылыту қазандықтары, Алматы 2-ЖЭО-дағы №2, 4, 8 қазандықтар, №1, 3, 4, 6 турбиналар, Алматы 3-ЖЭО-дағы №1,2, 3 қазандықтар, №2,3 турбиналар және т.б. жөндеуден өтті. 

20-дан астам жабдыққа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың ішінде Екібастұз 1-МАЭС-тегі №6 энергия блогы, Екібастұз 2-МАЭС-тегі №1 энергия блогы; Екібастұз ЖЭО-дағы 5 қазандық бар, оның төртеуі күрделі жөндеуден өткізіледі 

Жөндеу науқаны кестеге сәйкес жүріп жатыр.