«Самұрық-Энерго» АҚ –ның электр энергиясын өндіру көлемі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% - ға өсті.
Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 20 457 793 мың кВтсағ құрады. Өсім «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС, «АлЭС» АҚ, Мойнақ, Шардара, Өскемен және Шүлбі СЭС, сондай-ақ «Энергия Семиречья» ЖШС және «Samruk-Green Energy» ЖШС өндіретін электр энергиясы өндірісінің өсуі есебінен болды.
Сондай-ақ, электр энергиясын сату компаниясының электр энергиясын өткізу және электр желілік компаниясының электр энергиясын беру көлемі ұлғайды. Олар тиісінше 4 044 308 мың және 4 527 761 мың кВтсағ құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 11% және 3% - ға өсті. Бұл 1 сәуірден бастап энергиямен жабдықтаушы ұйымға жаңа тұтынушылардың көп келуіне, сондай-ақ аймақтағы электр энергиясын тұтынудың өсуіне байланысты.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жылу энергиясын босату жоспар бойынша 3214,7 мың Гкал орнына 3285,6 мың Гкал немесе жоспардың 102%-ын құрады.