«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Адам ресурстарын басқару департаменті күзгі HR Connect шарасын ұйымдастырды. Оған «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының HR-мамандары қатысты.
Самұрық-Энерго HR қызметкерлері әріптестерімен еңбек эргономикасы туралы, жұмыс берушінің бренді, компанияда жүргізіліп жатқан үздіксіз жақсартулар бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, олар Самұрық-Энерго әйелдер клубының жұмысы жайлы, зейнеткерлерді қолдау және еншілес ұйымдардағы дуальды оқыту бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат берді.
Іс-шараға қатысушылар тақырып аясындағы өзекті мәселелерді белсенді талқылап, тәжірибе алмасты. Осылайша, HR Connect қызметкерлерді басқару бойынша инновациялық шешімдерді енгізудің маңызды алаңына айналды.
.