Самұрық-Энерго мен China Power International Holding ЖЭС жобасын әзірлеу бойынша келісімге қол қойды

Самұрық-Энерго мен China Power International Holding ЖЭС жобасын әзірлеу бойынша келісімге қол қойды

«Самұрық-Энерго» АҚ делегациясының Қытай Халық Республикасына сапары аясында Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов және China Power International Holding Директорлар кеңесінің төрағасы Хэ Си Қазақстан Республикасында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жөніндегі жобаны әзірлеу және электр энергиясын жинақтау жүйесін орнату туралы келісім жасасты.

Келісім жобаны бірлесіп пысықтауды және оны іске қосу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді көздейді. Кездесуде тараптар жоба бойынша іс-шараларды жеделдету үшін бірлескен күш-жігердің қажеттілігін атап өтті, сондай-ақ ЖЭК-тің ірі объектісін ҚР энергожүйесіне интеграциялау мәселесін талқылады.