«Алматы электр станциялары» АҚ-да Satbayev University «Энергетика» кафедрасы филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл іс-шара білім беру мен өндірісті біріктірудегі маңызды қадам болып табылады әрі студенттердің энергетика саласында бірегей мүмкіндіктерге қол жеткізуіне жағдай жасайды.
Satbayev University және АлЭС оқу орындарындағы теориялық оқыту мен кәсіпорын базасындағы тәжірибені біріктіретін дуальды оқыту қағидаттарын іске асырады. Осы модель бойынша оқитын студенттер алған білімдерін өндірісте бекіте алады. Бұл жас мамандарға мамандықты тезірек меңгеруге және станцияларда одан әрі жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды алуға көмектеседі.
«Біз кафедра филиалын ашу бойынша алдын ала үлкен жұмыс жүргіздік және қызметкерлерімізді студенттермен жұмыс істеуге дайындадық. Біздің мамандардың тәжірибесі мол және оны студенттерге үйретеді. Біз энергетика саласы үшін білікті кадрлар даярлауға бар күшімізді салуға дайынбыз», - деп атап өтті «АлЭС» АҚ Басқарма төрағасы Ерік Маширов.