«АлЭС» АҚ үздіксіз білім беру стратегиясын тәжірибе жүзінде іске асыруда. Ағымдағы жылдың басынан бастап Компанияның персоналды даярлау бөлімінде 2 мыңнан астам қызметкер, оның ішінде жұмысшылар мен инженер-техникалық қызметкерлер оқу курсынан өтті.
Энергетика саласында үздіксіз оқыту, біліктілікті растау, білімді жетілдіру қажеттілік қана емес, сонымен қатар өндіріс қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан «АлЭС» АҚ-да қызметкерлердің барлық санаттарын – жұмысшыдан бастап топ-менеджерге дейінгі персоналды даярлау мен оқытудың көп деңгейлі жүйесі жұмыс істейді.
Оларды тек Персоналды даярлау бөлімінде ғана емес, сонымен қатар бейінді оқу ұйымдарында да оқытады. Компания серіктестерінің қатарында Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Satbayev University, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі бар. Жыл басынан бері 4 мыңнан астам маман түрлі оқу курстарынан өтті.
«Компанияның өндірістік активтерін жаңғыртуды, сондай-ақ қауіпсіздік бойынша жоғары талаптарды ескере отырып, біз персоналдың кәсібилігі мен құзыреттілігін арттыруға баса назар аударамыз. Қызметкерлер негізгі энергетикалық жұмысшы мамандықтары және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқытылады», - деп атап өтті «АлЭС» АҚ Адам ресурстары басқармасының басшысы Жанна Сапарғалиева.