Самұрық-Энерго PwC Kazakhstan рейтингінде бірінші орынды иеленді

Самұрық-Энерго PwC Kazakhstan рейтингінде бірінші орынды иеленді

«Самұрық-Энерго» АҚ 2023 жылы 98 қазақстандық компания арасында ESG-ақпаратты ашу бойынша PwC Kazakhstan рейтингінде 1 орынға ие болды. Рейтинг басылымының бүкіл тарихында алғаш рет үздік халықаралық стандарттарға сәйкес келетін «А+» рекордтық жоғары баға берілді.

148 критерий негізінде дайындалған рейтинг бес негізгі блок бойынша ақпаратты ашу сапасын бағалайды: тұрақты даму стратегиясы, корпоративтік басқару, қоғам, экология, есеп беру тәжірибесі. Қосымша ұпайлар ақпаратты ұсынудың анықтығы, уақтылығы және сапасы үшін беріледі.

Сондай-ақ, Самұрық-Энерго рейтингтің мынадай қосымша аталымдарында да жеңімпаз атанды:

·         Корпоративтік басқару мәселелерін жан-жақты ашу;

·         Тұрақты даму стратегиясын жақсы ашу;

·         Энергетика саласындағы ESG ақпаратын жан-жақты ашу.

Мұндай жетістікке компанияның экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару саласындағы деректерді ашудың ашықтығы мен сапасын арттыру жөніндегі жұмысының нәтижесінде қол жеткізілді. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның PwC Kazakhstan рейтингіндегі көшбасшылық позициясы компанияның тұрақты дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудегі рөлін растайды.

Біз Қазақстан болашағының тұрақтылығына өз үлесімізді қосамыз!

Рейтинг бойынша есепті толығырақ мына сілтеме бойынша оқи аласыз: https://www.pwc.com/kz/en/publications/esg/esg-top-50-december-2024-rus.pdf