Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі кеңес

Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі кеңес

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кезекті кеңес өткізді. Ол биыл осы бағытта елеулі жұмыстардың атқарылғанын атап өтті. 

Мамандар NEBOSH және IOSH халықаралық бағдарламалары бойынша оқудан өтті, «Қауіпсіз өндіріс» автоматтандырылған жүйесі іске асырылды, «Стоп-карталар» тетігі, медициналық тексерулердің электрондық жүйесі (МТЭЖ), жедел персоналға арналған бейне-жетондар мен камералары бар бас киімдер енгізілді.

Самұрық-Энерго басшысы алдағы жылы станция қызметкерлері арасында жарақаттануды тұрақты түрде төмендету бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтіп, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындарын ұлғайту қажеттігі туралы айтты. Сондай-ақ жауапты құрылымдық бөлімшелерге өндірісте жарақат алуды нөлдік деңгейге жеткізу бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.