Abu Dhabi Sustainability Week 2025 форумы аясында Абу-Дабиде «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы мен жаңартылатын энергия көздері саласындағы жетекші халықаралық Masdar компаниясының кездесуі өтті. Тараптар Қазақстанның Жамбыл облысында энергия жинақтау жүйесі бар қуаты 1 ГВт жел электр станциясын (ЖЭС) салу жөніндегі ауқымды жобаны іске асыру мәселесін талқылады.
Кездесу барысында жобалау-іздестіру жұмыстарын, EPC-келісімшартқа қол қоюды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауды қоса алғанда, жобаның2025 жылы іске асырылатын негізгі кезеңдері айқындалды. Жоба Қазақстанның ұлттық энергетикалық теңгерімдегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайту және көміртегі шығарындыларын азайту жөніндегі стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Жел паркі шамамен 300 000 үйді қамтамасыз ететіндей жасыл энергия өндіреді және CO₂ шығарындыларын азайтады. Бұл оны ТМД-дағы ең ірі жел парктерінің біріне айналдырады.
Қазақстанның климаттық міндеттеріне сәйкес Жамбыл облысындағы жел электр станциясы елдің 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінен 15% энергия алу мақсатына жетуіне көмектеседі.