2024 жылғы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша маңызды оқиғалар

2024 жылғы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша маңызды оқиғалар

2024 жылғы 18 қаңтарда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Қазақстан-Италия» Инвестициялық дөңгелек үстелінің алаңдарында «Самұрық-Энерго» АҚ мен Ansaldo Energia арасында энергетикалық жобаларды, оның ішінде «Станция қуатын ұлғайта отырып, БГҚ базасында Алматы ЖЭО-3 нысанын қайта құру» жобасын іске асыру шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 

2024 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Президенті «Total Eren арқылы энергия жинақтау жүйесі енгізілген қуаты 1 ГВт болатын ЖЭС салу» жобасы бойынша Үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы Жарлыққа қол қойды.

2024 жылғы 14 ақпанда ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және Urbacon Concessions Investments WLL (UCC) арасында Қызылорда облысында бу-газ қондырғысы базасында қуаты шамамен 1100 МВт болатын электр станциясын салу жобасы бойынша Қағидаттар туралы келісімге қол қойылды.

20 наурызда Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекетінің үкіметтері арасындағы басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді Стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімге қол қойылды. Ірі инвестициялық жобалардың ішінде бу-газ қондырғысы базасында қуаты 1100 МВт болатын электр станциясы және 350 МВт Семей ГЭС нысандары бар.  

2024 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 

2024 жылғы маусымда Қазақстан-Корей бизнес-форумы аясында Самұрық-Энерго, Doosan Enerbility және KEPCO Plant Service and Engineering өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар ынтымақтастық орнату және Екібастұз ГРЭС-1, Екібастұз ГРЭС-2 және АлЭС-те түтін газдарын тазарту жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыру туралы ниеттерін білдірді.

2024 жылғы 2 шілдеде Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында «Самұрық-Энерго» АҚ және China International Water & Electric Corp. (CWE) Қазақстанда алғашқы гидроаккумуляциялық электр станциясын (ГАЭС) салу жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

2024 жылғы 2 шілдеде Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ мен CNPC арасында PetroKazakhstan компаниясымен бірлесіп қуаты 400 МВт болатын ЖЭС салу жобасы бойынша Негіздемелік келісімге қол қойылды.

2024 жылғы 3 шілдеде «Самұрық-Энерго» АҚ мен China Energy арасында өзара түсіністік туралы меморандумға, 15 қазанда – қуаты 800 МВт болатын ЖЭК жобасын бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойылды.

2024 жылғы 26 шілдеде Шелек дәлізінде ЖЭК-ті 810 МВт-қа дейін кеңейту жобасы бойынша бірлесе жұмыс істеу туралы келісімге қол қойылды.

2024 жылғы 23 тамызда «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ және PetroKazakhstan арасында «Қуаты 400 МВт-тық ЖЭС құрылысы» жобасы бойынша қағидаттар туралы келісімге қол қойылды.

2024 жылғы 28 тамызда Екібастұз ГРЭС-2 станциясы Ресей–Қазақстан консорциумымен 3-ші және 4-ші энергия блоктарын салу бойынша ЕРС-келісімшартына қол қойды.

2024 жылғы 29 тамызда Көкшетау қаласында ЖЭО құрылысы жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу шартына қол қойылды.

2024 жылғы қазан айында «Самұрық-Энерго» АҚ және China Power International Holding электр энергиясын жинақтау жүйесін орната отырып, қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жөніндегі жобаны әзірлеу туралы келісім жасасты.  

2024 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісім ратификацияланды.

2024 жылғы 12 қарашада COP 29 конференциясында ҚР және ҚХР Үкіметтері арасындағы келісімге, «Самұрық-Энерго» АҚ мен China Energy арасындағы 800 МВт ЖЭК жобасын бірлесе инвестициялау туралы келісімге қол қойылды. Жоба аясында Қарағанды облысында қуаттылығы 500 МВт болатын жел электр станциясын және Түркістан облысында қуаттылығы 300 МВт болатын күн электр станциясын салу жоспарланып отыр.

2024 жылғы 12 қарашада СОР 29 аясында MASDAR-мен бірлесіп энергия жинақтау жүйесі орнатылған 1 ГВт ЖЭС жобасы бойынша Инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. 

2024 жылғы 12 қарашада СОР 29 аясында China Power International Holding (CPIH) энергияны жинақтау жүйесімен 1 ГВт ЖЭС жобасы бойынша ҚР мен ҚХР арасындағы Үкіметаралық келісімге және Самұрық-Энерго мен China Energy арасындағы келісімге қол қойылды.

2024 жылғы қарашада Ресей Президентінің Қазақстанға сапары аясында Екібастұз ГРЭС-2 №3 және №4 энергия блоктарында ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мәселелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ және  «ОРГРЭС фирмасы» ЖШҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

2024 жылдың қараша айында «Самұрық-Қазына» және қытайлық SANY Renewable Energy басшылары Жамбыл облысында жел генераторларының компоненттерін шығаратын зауыт құрылысының басталуына жолдама берді. 

2024 жылғы 15 қарашада СОР 29 аясында MASDAR-мен бірлесіп энергияны жинақтау жүйесімен 1 ГВт-тық ЖЭС жобасы бойынша электр энергиясын сатып алу шартына (PPA) қол қойылды.

2024 жылғы 4 желтоқсанда «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы және Power International Holding компаниялар тобының Президенті Қызылорда облысында бу-газ қондырғысы базасында электр станциясын салу жөніндегі жобаны бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол қойды.

«№3 энергоблокты жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде Жобаның ТЭН құжаттары әзірленді, 2024 жылғы желтоқсанда «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды.

2024 жылдың соңында «Алматы ЖЭО-2 жаңғырту» жобасы үшін газтурбиналық қондырғының 1 жиынтығын дайындау және қорытынды сынау аяқталды. 

2024 жылғы 23 желтоқсанда Екібастұз ГРЭС-1-де №1 энергоблокты пайдалануға беру актісіне қол қойылды. Станция соңғы 30 жылда алғаш рет сегіз блокты режимде толық қуатымен жұмыс істей бастады.  

2024 жылғы 23 желтоқсанда «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен инвестициялық жобалар портфелі бекітілді. Бұл портфель 34 жобадан тұрады және осы жобаларды іске асыру жалпы белгіленген қуатты 16,4 ГВт-қа арттыратын болады.

2024 жылғы 31 желтоқсанда Nebras Power компаниясымен Семей ГЭС нысаны жобасы бойынша бірлескен даму туралы келісімге қол қойылды.