Самұрық-Энерго және China Energy бірлесіп Қазақстанда күн және жел электр станцияларын салады

Самұрық-Энерго және China Energy бірлесіп Қазақстанда күн және жел электр станцияларын салады

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов пен China Energy Басқарма Төрағасы Лин Сяодан жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады. Атап айтқанда, Түркістан облысында күн электр станциясын (300 МВт) және Қарағанды облысында жел станциясын (500 МВт) салу жобалары қаралды. 

Тараптар жобаларды іске асыру бағытында жүргізілген елеулі шараларды атап өтіп, күн электр станциясын салу бойынша жобалау компаниясын құру мәселесіне тоқталды. Кездесуде жобалау құжаттарын келісу мәселелері де талқыланды: Жобаларды одан әрі іске асыру үшін қажетті инвестициялар туралы келісім (СоИ) және электр энергиясын сатып алу шарты (РРА-келісімшарт). 

Түркістан облысында энергия жинақтау жүйесі бар күн станциясын салу жобасына ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта жобалау-іздестіру жұмыстарының аяқталуы күтілуде және 2025 жылдың қыркүйегінде 2026 жылдың соңында пайдалануға берілетін объектінің құрылысын бастау жоспарланып отыр. 

Кездесу соңында тараптар бірлескен жобаларды табысты іске асыруға және жаңартылатын энергия көздері саласындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға ниет білдірді.