Самұрық-Энергода табиғаттың жаңаруы мен Жаңа жылдың басталуы мерекеленетін, күн мен түн теңелетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті. Мереке құрметіне компания қызметкерлері ұлттық киімдерін киіп, ұлттық стильдегі әшекейлерін тақты. Залда ою-өрнектермен және дәстүрлі сәндік заттармен безендірілген мерекелік киіз үй орнатылды.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов ұжым қызметкерлерін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, Наурыз мейрамының рухани жаңғырудың, қазақ мәдениеті мен халық дәстүрлері ұлылығының символы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
Мерекеде ұлттық салт - тұсаукесерді өткізу ерекше сән-салтанатпен өтті. Самұрық-Энерго басшысы Қайрат Мақсұтов қазақтың ежелгі әдет-ғұрпы бойынша ұжым қызметкерінің бір жасар сәбиінің тұсауын кесіп, бүлдіршінге ұзақ та бақытты ғұмыр тіледі.
Мереке ұлттық әндерге және билерге жалғасты. Қызметкерлер үшін қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне арналған қызықты конкурс ұйымдастырылды, шара барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мереке соңы ұлттық спорт күніне орайластырылған тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сыныбына ұласты.