«Самрук-Энерго» АҚ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстарды жалғастыруда.
Компанияның еншілес ұйымдарында ауысым алдындағы медициналық тексерулерді өткізу үдерісі автоматтандырылған. Бұл нәтижелерді кәсіпорынның қауіпсіздік жүйелерімен нақты уақыт режимінде біріктіруге мүмкіндік берді. Жаппай медициналық тексеру өте қысқа мерзімде – бір қызметкерге шамамен 1 минут ішінде өткізіледі.
Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындар камералары бар «ақылды каскалар» мен бейнежетондар сатып алды. Бұл қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауын бақылауға көмектеседі.
Компаниялар тобында ескі қауіпсіздік белбеулерін заманауи бес нүктелі белбеулерге кезең-кезеңімен ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің карьерлік самосвал жүргізушілерін бақылау мақсатында «Антиұйқы» жүйесі енгізілуде. Ол жүргізушінің жағдайына, оның ішінде шаршауына байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын алуға арналған.
Сондай-ақ кәсіпорындарда жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары кезінде персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін LOTO жүйесі енгізілуде. Бұл жүйе технологиялық тораптарды бұғаттау және ескерту белгілерін орналастыру арқылы жабдықтың кездейсоқ іске қосылуына жол бермейді.