Таза су - әр жұмысшының денсаулығына жасалатын қамқорлық. Компанияның барлық өндірістік цехтарында заманауи ауыз су бұрқақтары пайда болды. Әрбір субұрқақ 5000 тоннаға дейін су тазартуға қабілетті сүзгілермен жабдықталған. Қызметкерлерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтаудың жаңа жүйесі жүргізілді.
«Бұрын су ішу үшін алысқа бару керек еді, ал қазір субұрқақтар – таяқ тастам жерде. Мен күніне шамамен 5 литр cу ішемін: дене күшін қажет ететін жұмыс қой, сусыз қиын», - дейді А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО турбина цехының слесарі Нұрлан Сүлейман.
Жоба техникалық шешімдерді пайдалану арқылы жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызды. Жаңа ауыз су бұрқақтары цехтарда жұмыс істейтін қызметкерлердің ыстық күндерде және өндірістегі ауыр жұмыс кезінде жандарына сая болып, тыныстарын кеңейтті.
Самұрық-Энерго өндірістік қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыра бермек!