Өндірісте жарақаттануды азайту және «Самұрық-Энерго» АҚ тобына кіретін барлық кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мақсатында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айлығы» өткізілуде.
Айлық барысында барлық өндірістік департаменттерде жұмыс орындарының жоспарлы аудиті жүргізілуде, бұл өндірістегі қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы аясында жаңа еңбекті қорғауды қамтамасыз ету құралдары енгізілуде. Мысалы, «АлЭС»-те қауіпсіздік техникасы талаптарының орындалуын орталықтан бақылау пункті ашылды.
Жүйе қауіпсіздік нормаларының сақталуын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Бұл — жеке қорғаныс құралдарының қолданылуын, қауіпті учаскелерді анықтауды және жұмысшылардың жағдайын қадағалауды қамтиды.
Айлық шеңберінде өндірістік департаменттерінің қызметкерлері төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша тренингтерден, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабақтарынан өтуде. Өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру - жарақаттану деңгейін нөлге жеткізу стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады.