Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО бу турбиналарын басқарудың орталық жылу қалқанының машинисі Айдос Масиралиев Жеңістің 80 жылдығына орай батырлардың ерлігін еске алу мақсатында 28 панфиловшылар шыңына көтерілді.
«Мен оларға сөзбен емес, іспен құрмет көрсеткім келді»,- дейді Айдос. Таудың суықтығына, өзінің шаршағанына, тыныс алудың қиындығына қарамастан, ол панфиловшылардың табандылығы, майдангерлерді құрмет тұтатын өз отбасы туралы ойлай отырып, шыңға жетті.
Айдос – «Үздік өндіріс маманы-2024» байқауының жеңімпазы. Ол осы уақытқа дейін талай шыңға және әр шыңға шыққан АлЭС туын желбіретіп шыққан.
Бұл жай спорт емес. Бұл - ұрпақтар сабақтастығының символы, адам жадының заманымыздың жаңа кейіпкерлерінің істерінде, болмыстарында және жүректерінде өмір сүретіндігінің дәлелі.