Богатырь Көмір 2025 жылдың I тоқсанында көмір өндіру және оны жөнелту көлемін ұлғайтты

Богатырь Көмір 2025 жылдың I тоқсанында көмір өндіру және оны жөнелту көлемін ұлғайтты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанның көмір саласы сенімді өсім көрсетіп отыр. 2025 жылғы қаңтар-наурызда елімізде 28,5 млн тонна тас көмір өндірілді, бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6% - ға артық.

«Богатырь Көмір» ЖШС осы оң динамикаға елеулі үлес қосып келеді. 2025 жылдың бірінші тоқсанында компания өндіру көлемін 12,4 млн тоннаға дейін ұлғайтты, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 6,8% - ға артық.

Көмірді сату да өсуде: үш айда 12,4 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл - өткен жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 2,8% - ға артық. Осы көлемнің 9,9 млн тоннасы ішкі нарыққа, тағы 2,5 млн тоннасы экспортқа бағытталды.

Көмірді өндіру мен өткізу көлемінің өсуі компанияның тұрақты дамуын және оның елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шешуші рөлін растайды.