Кездесуде «Самұрық-Энерго» инвестициялық жобалары үшін негізгі және қосалқы жабдықтарды жеткізу бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Қайрат Мақсұтов жабдықты таңдауда жоғары тиімділік, технологиялық жаңашылдық және қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттардың мейлінше аз шығарылуы негізгі критерийлер болып табылатынын атап өтті.
Өз кезегінде Harbin Electric заманауи техникалық шешімдерді ұсынуға дайын екенін білдіріп, бұл шешімдер жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғыртуға және олардың экологиялық әсерін азайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Кеңес қорытындысы бойынша тараптар аталған бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға және келесі кездесуді Астана қаласында өткізуге келісті.