Самұрық-Энерго мен SEPCO1 ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Самұрық-Энерго мен SEPCO1 ынтымақтастық перспективаларын талқылады

«Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті аясында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов пен SEPCO1 Басқарма Төрағасы Чжан Хунмэйдің кездесуі өтті. Тараптар ағымдағы жобалар мен ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары мәселелерін талқылады.   

Атап айтқанда, «Алматы 2-ЖЭО-ны қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша азайта отырып, жаңғырту» жобасын іске асыру мәселелері қаралды. «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы тарапынан Алматы қаласында 2-ЖЭО-ны газға көшіру жөніндегі жобаны уақтылы іске асыру бойынша өзекті мәселелерді шешуді қолдауға толық дайындықтың бар екені айтылды.   

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ағымдағы жоба бойынша жұмысты күшейтуге және перспективті ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.