Самұрық-Энерго басшысы Алматыға жұмыс сапары барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесті. Қайрат Мақсұтов Самұрық-Энерго еншілес компаниялары АлЭС пен АЖК-ға тиесілі Алматы энергия торабы кәсіпорындарының қызметі туралы баяндады.
«Компанияның энергетикалық нысандары 2024-2025 жж. күзгі-қысқы кезеңнен сәтті өтіп, температуралық кестеге әсер ететін технологиялық бұзушылықтарсыз өңірде тұрақты әрі сенімді жылу және электрмен жабдықтауды қамтамасыз етті. Температуралық режим жылу желілері кестесіне сәйкес қатаң сақталды», - деп атап өтті Қайрат Мақсұтов.
Алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы «АлЭС» АҚ мен «АЖК» АҚ-ның бірінші басшылары баяндады.
«Алматы электр станциялары» АҚ Басқарма төрағасы Ерік Маширов 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында АлЭС негізгі жабдықтарды кешенді жөндеу науқанын іске асырып жатқанын хабарлады. Жоспарда 70 жөндеу жұмысы қарастырылған, оның 31-і бүгінде аяқталған, 10-ында жұмыс жүргізілуде.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Абай Асылов Алматы қаласының әкіміне компанияның өндірістік көрсеткіштері туралы баяндады. 2024 жылы электр энергиясын берудің нақты көлемі 9 268 млн кВтсағ құрады, бұл жоспарлы көлемнен 3% - ға артық.
АЖК-да жөндеу науқаны штаттық режимде жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 554 км әуе және кабельдік электр беру желілері, 500-ге жуық қосалқы станциялар, трансформаторлық қосалқы станциялар мен тарату пункттері жөнделді.
Баяндамаларды тыңдағаннан кейін Самұрық-Энерго басшысы мен Алматы әкімі 2-ЖЭО – БЖК жылу магистралін қайта жаңарту, Алматы 2-ЖЭО-ны қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып жаңғырту және Алматы 3-ЖЭО-ны қайта жаңарту мәселелерін талқылады.