Самұрық-Энерго мен TotalEnergies «Мирный» ЖЭС-ін салу жобасын талқылады

Самұрық-Энерго мен TotalEnergies «Мирный» ЖЭС-ін салу жобасын талқылады

Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтовтың қатысуымен «Самұрық-Энерго» АҚ - да энергия жинақтау жүйесі бар, қуаты 1 ГВт «Мирный» жел электр станциясын салу жобасын іске асыру бойынша негізгі әріптес – «TotalEnergies» компаниясының басшылығымен стратегиялық кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар барлық негізгі техникалық, экологиялық және инфрақұрылымдық аспектілерді қоса алғанда, жобаның дайындық бойынша ілгерілеу шараларын талқылады. Келісімшарттық стратегия мен 2026 жылдың басында жоспарланған құрылыс және монтаждау жұмыстарын бастауға дайындыққа ерекше назар аударылды. EPC-келісімшартына ағымдағы жылдың 4 тоқсанында қол қойылады деп күтілуде.

Тараптар іске асыру кезеңіне жедел көшуге деген ортақ ұмтылысты растады. «Мирный» ЖЭС жобасы оқшаулау жөніндегі талаптарға және орнықты даму қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының энергетикалық ауысу мақсаттарына қол жеткізуге қомақты үлес қосады.

«Самұрық-Энерго» АҚ мен «TotalEnergies» серіктестігі ұлттық климаттық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және 2024 жылғы ақпанда ратификацияланған Қазақстан мен Франция арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы арнайы келісімнің ережелеріне сәйкес келеді.