«Таланттар сәулетшісі»: Самұрық-Энерго «HR-бренд 2025» байқауының жеңімпазы атанды»

«Таланттар сәулетшісі»: Самұрық-Энерго «HR-бренд 2025» байқауының жеңімпазы атанды»

«Самұрық-Қазына» АҚ топ компаниялары арасында алғашқы «HR-бренд 2025» байқауының қорытындысын шығарды. Байқаудың мақсаты - Қор компанияларындағы озық, тұрақты HR-тәжірибелерді анықтау және тарату. 

Байқау қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ «Таланттар сәулетшісі» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды. Бұл талантты мамандарды анықтау, дамыту және оларды жұмыс орнында ұстап қалу бойынша жұмыстың жоғары деңгейде екенін растады.

Бұл марапат - HR командасының кәсібилігін мойындау, күшті әрі тұрақты адами капиталды құру бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесі. 

Байқауға 9 компания қатысып, бес аталым бойынша 25 өтінім ұсынды. Барлық кейс-жобалар кадрларды іріктеу және дамыту, HR-процестерді цифрландыру, таланттармен жұмыс істеу және қызметкерлерді тарту сияқты бағыттардағы нақты жетістіктерге негізделді. 

Марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін персоналды басқару саласындағы өзекті сын-қатерлер мен шешімдерге арналған HR Talks сессиясы өтті.