Самұрық-Энерго мен China Huadian Corporation ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Самұрық-Энерго мен China Huadian Corporation ынтымақтастық мәселелерін талқылады

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов пен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры Елжас Отыншиев China Нuadian Corporation Вице-президенті У Цзинкаймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық перспективалары мен бірлескен инфрақұрылымдық инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. У Цзинкай Қазақстан Республикасының аумағында энергетика саласындағы ынтымақтастыққа жоғары қызығушылық білдіріп, бірлесіп зерттеу үшін бағыттар тізімін кеңейтуді ұсынды.

Қайрат Мақсұтов су электр станцияларын салу, ғылыми-техникалық өзара жұмысты, энергияны сақтаудың инновациялық технологияларын ілгерілету, жасанды интеллектті қолдану, цифрландыру, сондай-ақ тараптардың объектілерінде мамандардың тәжірибесімен және тағылымдамаларымен алмасу бағыттары бойынша ынтымақтастыққа мүдделі екенін растады.

Өз тарапынан Елжас Отыншиев екі энергетикалық холдинг арасындағы ынтымақтастық жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін «Самұрық-Қазына» АҚ Қоры тарапынан қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар қадамдық жоспарларды сипаттай отырып, ынтымақтастық бағыттарының кеңейтілген тізімін дайындауға және 2025 жылдың соңына дейін Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға келісті.