«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы Жұмысшы мамандықтары жылының негізгі қорытындылары

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы Жұмысшы мамандықтары жылының негізгі қорытындылары

«Самұрық-Энерго» АҚ Жұмысшы мамандықтары жылында жұмысшыларды қолдау және дамыту жөніндегі кең ауқымды бағдарламаны табысты іске асырды.

Самұрық-Энерго компаниялар тобындағы әлеуметтік тұрақтылық индексі (SRS) 77% — ға жетті, өсім 2024 жылмен салыстырғанда 8%.

Кеңейтілген әлеуметтік кепілдіктер мен еңбек жағдайларын одан әрі жақсарту шаралары қарастырылған, 2025-2027 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды.

Өндірістік қызметкерлердің жалақысы 2025 жылы 8%-ға өсті. 2026 жылы 10%-ға өсім жоспарлануда.

Қауіпсіздік пен қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін өндірістік қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайлары айтарлықтай жақсарды.

Самұрық-Энерго «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары арасында  «Таланттар сәулетшісі» аталымы бойынша «HR-бренд 2025» конкурсының жеңімпазы атанды.

Еншілес және тәуелді ұйымдарда 20-дан астам кәсіби конкурс өткізілді («Үздік инженер», «Үздік тәлімгер», «Еңбек батыры», «Үздік маман» және т.б.).

Оқушылар мен студенттер үшін 100-ге жуық кәсіптік бағдар беру іс-шаралары өткізілді.

Білім беру бағдарламалары аясында Самұрық-Энерго кәсіпорындарында 600-ге жуық студент өндірістік және диплом алдындағы практикадан өтті. Олардың ішінде Самұрық-Энергоның қолдауымен АЭжБУ-дың 4 студенті Генуя Университетінде (Италия) тағылымдамадан өтті.

«Samruk Umiti» жобасы аясында кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізіліп, Риддер қаласындағы балалар үйінің төрт тәрбиеленушісіне қамқорлық жасау туралы бастама көтерілді.

«Тәлімгер» жобасы аясында колледждердегі оқуын аяқтаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 8 бала «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындарына жұмысқа орналастырылды.

Компаниялар тобының 800-ге жуық қызметкері мемлекеттік, ведомстволық және корпоративтік наградалармен марапатталды.

Компания жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, әлеуметтік тұрақтылыққа және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыруды жалғастырады.