«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының басты басымдығы - еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту.
Осыған байланысты 2025 жылы еңбекті қорғауға арналған қаржыландыру 40% - ға дейін өсті, қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің штат саны және олардың жалақы деңгейі ұлғайды. Жасанды интеллектінің көмегімен бейнеталдау, бейнежетондар, электронды медициналық куәландыру жүйесі, камералары бар ақылды каскалар және басқа шешімдер секілді инновациялық қауіпсіздік жүйелерін енгізу айтарлықтай әсер берді. 2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардың саны 2 еседен аса қысқарды.
Сонымен қатар, өндірістік қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. Барлық дерлік станцияларда санитарлық тораптар, душ, тұрмыстық және басқа да орын-жайлар жөнделді. Бірқатар станцияларда өндірістік қызметкерлер үшін тегін тамақ ұйымдастырылған.
Еңбек жағдайларын жақсартумен қатар, қызметкерлердің материалдық әл-ауқатына ерекше назар аударылады. Мәселен, соңғы үш жылда «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының өндірістік қызметкерлерінің жалақысы 56% - ға өсті. Сонымен бірге әлеуметтік және мотивациялық төлемдер тізімі едәуір кеңейтілді.
Осылайша, Самұрық-Энерго еңбек жағдайларының қауіпсіздігін, жайлылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, қызметкерлер үшін әлеуметтік ортаны жүйелі түрде дамытады.



