2025 жылғы маусымнан бастап «АлЭС» АҚ-да жасанды интеллектті (ЖИ) қолдана отырып, өндірістік қауіпсіздіктің зияткерлік бейнебақылау жүйесі енгізілді. Нәтижесінде өндірістік қауіпсіздік ережелерінің бұзылу жағдайлары 1765-тен 529-ға дейін, яғни 69%-ға азайды.
Жүйе компанияның барлық нысандарында: бас кеңседе және Алматы қаласы мен Алматы облысындағы барлық сегіз кәсіпорындарында іске қосылған. Жалпы бейне талдау функциясы бар 1700-ден астам камера орнатылған.
ЖИ 24/7 режимінде автоматты түрде келесі жағдайларды анықтайды:
- жұмыскерлердің бет-әлпетін тану;
- каскалардың болмауы;
- қызметкерлердің қауіпті аймақтарда болуы;
- қалып қойған заттарды анықтау.
Жүйе тәулік бойы бақылауды қамтамасыз етеді, бейнежазбасы бар оқиғалардың бірыңғай цифрлық журналын қалыптастырады және тәуекелдердің алдын алуына мүмкіндік береді. Жоба жарақаттануды төмендетуге, тәртіпті арттыруға және адами факторды азайтуға ықпал етті.
«Самұрық-Энерго» компаниялар тобындағы одан әрі цифрландыру және ЖИ-жобаларды енгізу нөлдік жарақатқа қол жеткізуге және энергетикалық нысандардың тиімділігін арттыруға бағытталған.




