«Самұрық-Энерго» АҚ-да жаңа Конституцияның жобасы талқыланды

«Самұрық-Энерго» АҚ-да жаңа Конституцияның жобасы талқыланды

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының негізгі ережелерін талқылауға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға Компанияның еншілес ұйымдарының қызметкерлері де онлайн форматта қатысты.

Кездесуде спикер ретінде AMANAT партиясының Нұра аудандық саяси кеңесінің мүшесі, еңбек сіңірген энергетик Жақып Хайрушев және Л.Н. Гумилев атындағы ЕНУ-дың профессоры Жамаладен Ибрагимов сөз сөйледі. Олар жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын, сондай-ақ елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық диалог форматында пікір алмасты.

Кездесу соңында Жақып Хайрушев азаматтарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, алдағы референдумға қатысуға шақырды.