Самұрық-Энерго мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Самұрық-Энерго мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

«Самұрық-Энерго» АҚ мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту мен жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжат әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы тәжірибе алмасуды, өзекті мәселелерді талқылауды, сондай-ақ бірлескен кездесулер мен іс-шараларды өткізуді көздейді.

Тараптар еңбек ұжымдарындағы даулы жағдайлардың алдын алу әдістерін жетілдіру және моральдық-этикалық ахуалды нығайту бағытында бірлесіп жұмыс істеуге ниетті.

Осындай Меморандум бұған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-мен қол қойылған, сондай-ақ Қордың басқа да портфельдік компанияларымен серіктестік туралы келісім жасасу жоспарлануда.