«АлЭС» АҚ-да энергетикалық компаниялар, мемлекеттік органдар және салалық сарапшылардың қатысуымен Өндірістік қауіпсіздік бойынша форум өтті. Іс-шара ашық диалог пен тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Форумды ашқан «АлЭС» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ерик Маширов қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау – басты басымдық, ал қауіпсіздік - барлық өндірістік үдерістердің ажырамас бөлігі екенін атап өтті.
Форум аясында мағыналы әрі ашық пікірталас өтті. Қатысушылар нақты жағдайларды талқылап, тәжірибе алмасып, Vision Zero (нөлдік жарақаттану) тұжырымдамасын енгізудің практикалық шешімдерімен бөлісті.
«Бүгінде талаптарды орындаумен шектелмей, басшыдан бастап жұмысшыға дейін барлық деңгейде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру маңызды», – деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ «Еңбекті қорғау» департаментінің директоры Дүйсенбек Шардарбеков.
Форум қорытындысы: энергетикадағы қауіпсіздік – жауапкершілік, тәжірибе және заманауи тәсілдерді біріктіретін жүйелі жұмыстың нәтижесі.


