Нұржан Исабаев меритократия қағидаты негізінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Құқықтық сүйемелдеу және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды. Бұған дейін ол «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Алматы электр станциялары» АҚ-да Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған.
Нұржан Исабаев ҚР ІІМ Академиясын, Г. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетін «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде Executive MBA дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2001 жылы ішкі істер органдарында бастаған. Кейінгі жылдары коммерциялық ұйымдардың құқықтық бөлімшелерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды, олардың қатарында «UMEX» тобы, «BDO Tax and Advisory» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ және «Insight Consult» ЖШС бар. 2023–2026 жылдары «Алматы электр станциялары» АҚ-ның құқықтық блогын басқарды.
Жалпы еңбек өтілі 22 жылдан асады, оның ішінде 9 жылдан астамы – электр энергетикасы саласында және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның компаниялар тобында.
