«Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Цифрландыру және ЖИ» офисінің басшысы Айзек Жұпанхан GITEX AI Central Asia & Caucasus аясында өткен «Powering the Transition: Scaling Generation Capacity Across the Eurasian Energy Belt» атты сараптамалық сессияға қатысты. Сессия модераторы Forbes Georgia бас редакторы Шота Дигмелашвили болды.
Сессия барысында Қазақстанның энергетика саласындағы өзекті сын-қатерлер және оларды еңсерудегі ЖИ технологияларының рөлі қарастырылды. Қатысушылар генерация активтерінің сенімділігін арттыруға, өндірістік үдерістерді оңтайландыруға және жаңартылатын энергия көздерін елдің бірыңғай энергожүйесіне тұрақты интеграциялауға қандай AI шешімдерін енгізу қажет екендігін талқылады.
Аталған мәселелерді шешудегі «Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәжірибесіне және ЖИ қолдануына ерекше назар аударылды:
Предиктивті аналитика Жоспарлы-ескерту жөндеуден жабдықтың жай-күйін интеллектуалды мониторингтеуге көшу.
Жел генерациясының өндірісін болжау Жел электр станцияларының өндірісін 24–72 сағатқа жоғары дәлдікпен болжау модельдерін енгізу.
Дрондар және компьютерлік көру Генерация және электр энергиясын беру объектілерін тексеру үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары мен компьютерлік көру технологиялары қолданылады.
Киберқауіпсіздік Деректерді бірбағытты беру қағидатын дата-диодтар арқылы қолдану.

