Өзгерістер энергиясы: болашақ құзыреттері, ESG және әйелдер көшбасшылығы

Өзгерістер энергиясы: болашақ құзыреттері, ESG және әйелдер көшбасшылығы

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Корпоративтік басқару және орнықты даму департаментінің директоры Мадина Айсариева KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының атқарушы комитетінің «Өзгерістер энергиясы: болашақ құзыреттері, ESG және әйелдер көшбасшылығы» атты отырысында сөз сөйледі. Іс-шара Қызылорда қаласында «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ның базасында өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіби әлеуетті дамыту және әйелдердің энергетика саласына қатысу аясын кеңейту.

Іс-шараның қатысушылары тәжірибе алмасу, кадрлық әлеуетті дамыту және бірлескен бастамаларды қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Іс-шараға сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары – АлЭС, Екібастұз 1-МАЭС және 2-МАЭС өкілдері қатысты. Олар тең мүмкіндіктерді дамыту бағытындағы тәжірибелерімен бөлісіп, энергетикалық кәсіпорындар жанындағы Әйелдер клубтарының қызметі туралы айтты. 

Мұндай алаңдар кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға, әйелдер көшбасшылығын ілгерілетуге, болашақ құзыреттерін дамытуға және энергетика саласындағы әйелдердің кәсіби өсуін қолдауға ықпал етеді.