«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Қайрат Мақсұтовтың төрағалығымен еншілес және тәуелді ұйымдар басшыларының қатысуымен өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өтті. Самұрық-Энерго Басқарма төрағасы өндірістік қауіпсіздік мәселелері компанияның негізгі басымдығы болып қала беретінін және басқарудың барлық деңгейінде жүйелі әрі проактивті жұмысты талап ететінін атап өтті.
Кеңес барысында 2026 жылға арналған нөлдік жарақаттануға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы, өндірістік қауіпсіздік айлығының қорытындылары, аудит нәтижелері, сондай-ақ қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласын цифрландыру мен ЖИ-ассистентті енгізу мәселелері қаралды.
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның аудиттерінің қорытындылары бойынша түзету іс-шараларын іске асыруға ерекше назар аударылды. Алатау Жарық Компаниясы және АлЭС басшылары өндірістік нысандардағы бақылауды күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Кеңес қорытындысы бойынша өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыруға, профилактикалық жұмысты күшейтуге және компаниялар тобында қауіпсіз еңбек мәдениетін одан әрі дамытуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.




