Самұрық-Энерго 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанның ірі энергетикалық компаниясы позициясын растады

Самұрық-Энерго 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанның ірі энергетикалық компаниясы позициясын растады

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ елдің аса ірі электр энергетикалық компаниясы ретіндегі мәртебесін растай отырып, тұрақты өндірістік және қаржылық нәтижелерді қамтамасыз етті. Жедел деректер бойынша, 2026 жылдың 6 айында «Самұрық-Энерго» АҚ станциялары 20,3 млрд кВтсағ электр энергиясын өндірді, бұл Қазақстандағы электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 32%-ын құрайды. Топ кәсіпорындары қызметтің негізгі бағыттары бойынша өндірістік жоспарларын орындады.
 
Тұрақты өндірістік нәтижелер Компанияның қаржылық көрсеткіштерін нығайтуға ықпал етеді. Осы жылдың бірінші жартыжылдығының алдын ала қорытындылары бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ активтері шамамен 2,1 трлн теңгені құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен 30%-ға жоғары. Бұрын хабарланғандай, 2026 жылы Moody' s Ratings халықаралық агенттігі «Самұрық-Энерго» АҚ-ға алғаш рет «Тұрақты» болжамымен шетелдік және ұлттық валютадағы Baa2 инвестициялық деңгейіндегі эмитенттің ұзақ мерзімді рейтингін берді. Инвестициялық рейтингті беру «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қаржылық жағдайының тұрақты, нарықтық позицияларының күшті және операциялық қызмет бойынша тұрақты өсуін көрсетеді.

Самұрық-Энерго бірқатар ауқымды басым инвестициялық жобаларды іске асыруда. Компанияның портфеліне жалпы қуаты 12,6 ГВт энергия объектілерін салу және жаңғырту жөніндегі 20 ірі жоба кіреді, бұл елімізде іске асырылып жатқан барлық энергетикалық жобалардың жартысына жуығын құрайды. Оған көмір генерациясы (2 ГВт), газ генерациясы (2,2 ГВт), жаңартылатын энергия көздері (5,8 ГВт), СЭС және гидроаккумуляциялық электр станциялары (2,6 ГВт) жобалары кіреді. Тек 2026 жылы Самұрық-Энерго энергия нысандарын толық аяқтап салуға 10 EPC-келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр, бес жоба бойынша мердігерлер қазірдің өзінде құрылыс алаңында жұмысқа кірісті.
 
Сонымен қатар, Самұрық-Энерго Қазақстанның энергетика саласын жаңғыртудағы негізгі қатысушы болып табылады. «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2029 жылға дейін Самұрық-Энерго жобада көзделген 7,3 ГВт-өндіруші қуаттың 3,6 ГВт жаңа өндіруші қуатын іске қосуды жоспарлап отыр.
 
Аталған жобаларды іске асыру энергия жүйесінің сенімділігін арттыруға, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және елдің инфрақұрылымын жаңғыртуды жеделдетуге мүмкіндік береді.