Самұрық-Энерго командасы «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасындағы ойындарын сәтті аяқтап, жалпыкомандалық есепте III орын иеленді! Қордың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған Спартакиада «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының 14 командасын біріктірді.
Спартакиадада Самұрық-Энерго атынан Корпоративтік орталық пен еншілес ұйымдардың 100-ге жуық қызметкері қатысты. Үш күн бойы спортшыларымыз жеке және командалық сайыстарда жоғары нәтиже үшін күресіп, шеберлік, төзімділік, жеңіске деген жігер мен нағыз командалық рух танытты.
XI Спартакиаданың қорытындысы бойынша Самұрық-Энерго қоржынында — 11 медаль:
- 5 алтын медаль
- 2 күміс медаль
- 4 қола медаль
Спартакиада қорытындысы бойынша спортшыларымыз арнайы номинацияларға да ие болды. Әйелдер волейбол құрамасының ойыншысы Татьяна Пюрова «Үздік ойыншы» атанса, баскетбол командасының ойыншысы Нұржан Жаңбырбай «Үздік орталық ойыншы», ал футзал командасының ойыншысы Шыңғыс Қораласбаев «Үздік бомбардир» номинациясына ие болды.
Жалпыкомандалық есептегі қола жүлде — Самұрық-Энерго командасының ортақ күш-жігерінің нәтижесі!









