«Самұрық-Энерго» АҚ-да тәуекел-менеджмент саласындағы практикалық дағдыларды дамыту мақсатында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне арналған оқыту өтті. Оған Корпоративтік орталық пен еншілес ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар ISO 31000 және COSO халықаралық стандарттарын, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі корпоративтік саясатты, сондай-ақ тәуекелдер тізілімі мен картасын және басқа да қажетті құжаттарды қалыптастыру мәселелерін қарастырды.
Тәуекелдер тізімін қалыптастыру, іске асырылған және ықтимал тәуекелдерді есепке алу, апта сайынғы ақпарат дайындау, тәуекелдерді басқару бойынша есептілікті қалыптастыру сияқты практикалық жұмысқа ерекше назар аударылды.





