«Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Комплаенс» қызметі «Самұрық-Энерго» АҚ, «Көкшетау ЖЭО» ЖШС және «Energy Solutions Center» ЖШС-ның қызметкерлері үшін оқыту іс-шарасын өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасының 2026–2027 жылдары күшіне енетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы өзгерістерге арналды.
Қатысушыларға Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 12 маусымдағы Заңының негізгі ережелері түсіндірілді. Заң құқық бұзушылықтарға ден қоюдан олардың алдын алуға басымдық береді. Жеке мүдде ұғымы мен байланысты тұлғалардың кеңейтілген тобы, сондай-ақ мүдделер қақтығысын реттеу тәртібі мен мерзімдері қарастырылды. Сонымен қатар қызметтік міндеттерді атқаруға байланысты алынған сыйлықтарды тапсырудың бірыңғай тәртібі түсіндірілді. Қызметкерлерге 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейтін байланыстарды тексерудің цифрлық кадрлық жүйесі туралы ақпарат берілді.
Комплаенс қызметі жеке мүддені уақтылы ашып көрсету заң бұзушылық болып табылмайтынын атап өтті: жауапкершілік мұндай мән-жайларды жасырған жағдайда туындайды. Сұрақтар туындаған жағдайда қызметкерлерге түсіндірме алу үшін «Комплаенс» қызметіне алдын ала жүгіну ұсынылды.


