Самұрық-Энерго мен қытайлық компаниялар қуаты 1 ГВт-қа дейін ЖЭС жобасын іске асыру туралы уағдаласты

Самұрық-Энерго мен қытайлық компаниялар қуаты 1 ГВт-қа дейін ЖЭС жобасын іске асыру туралы уағдаласты

«Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында Қазақстан Республикасының аумағында жалпы қуаты 1 ГВт-қа дейін жел электр станцияларын салу жобасын бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойылды.

Құжатқа «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов, China Energy Overseas Investment Company Limited вице-президенті Ли Яхун және Sany Renewable Energy Company Limited бас директорының орынбасары Тан Чао қол қойды.

Жобаны іске асыру жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру көлемін арттырып, еліміздің оңтүстік өңірлерін электрмен жабдықтау сенімділігін күшейтеді және көміртегі бейтараптығы жөніндегі ұлттық мақсаттарға қол жеткізуге үлес қосады.

Фото Akorda.kz