Энергетикадағы ЖИ: «Самұрық-Энерго» Digital Bridge 2026 форумында өз бағытын таныстырды

Энергетикадағы ЖИ: «Самұрық-Энерго» Digital Bridge 2026 форумында өз бағытын таныстырды

«Самұрық-Энерго» АҚ өңірдегі жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуға арналған маңызды алаңдардың бірі — Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумына қатысты. «ЖИ және цифрлық технологияларды дамыту» департаментінің қызметкерлері компанияның жобаларымен таныстырды.

«Энергетикадағы ЖИ: инфрақұрылымнан интеллектуалды энергетикалық жүйеге дейін» атты панельдік сессия аясында «Самұрық-Энерго» АҚ «Цифрландыру және ЖИ» офисінің басшысы «Электр энергиясын өндірудегі AI: деректерден шешім қабылдауға дейін» тақырыбында баяндама жасады. Ол компанияның жасанды интеллектіні энергетика саласында қолдануының практикалық тәсілдері туралы айтып, өндірістік деректерді талдау, болжау, диагностикалау және шешім қабылдау мәселелеріне тоқталды.

Digital Bridge форумына қатысу «Самұрық-Энерго» компаниясына технологиялық күн тәртібіндегі өз ұстанымын таныстыруға, сондай-ақ энергетика саласында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытудың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.