Сапар барысында ол су электр станцияларының жұмысымен танысып, жабдықтардың жұмысы бақыланатын негізгі басқару қалқандарын аралады.
Өскемен СЭС-те Нариман Ақыловқа станцияның негізгі өндірістік жобаларының бірі — № 4 гидроагрегатты жаңғырту жұмыстарының барысы таныстырылды. Шүлбі СЭС-те ол № 1 гидроагрегатта жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Сапар кезінде омбудсмен станция қызметкерлерімен кездесіп, еңбек жағдайлары, әлеуметтік мәселелер және өндірістік ұжымдардағы өзара қарым-қатынас туралы әңгімелесті.
Мұндай кездесулер ашық диалог орнатуға және еңбек құқықтарын қорғау, корпоративтік әдепті сақтау мен келіспеушіліктерді шешудегі омбудсменнің рөлін түсінуге мүмкіндік береді.
Қызметкерлер өздерін толғандырған мәселелер бойынша омбудсменге тікелей жүгіне алады.




