2022 жыл – Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы

2022 жыл – Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы

«Самұрық-Энерго» АҚ-да компанияның Басқарма төрағасы С.Қ.Есімхановтың басшылығымен 2021 жылғы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында атқарылған жұмыс қорытындылары бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

Кеңесті ашқан С.Қ.Есімханов «Самұрық-Қазына» Қорының Басқарма төрағасы А.М.Сәтқалиевтің тапсырмасына сәйкес, 2022 жыл «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жарияланғанын атап өтті.

Басқарма Төрағасы өз сөзінде қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін қорғау  басымдығын, Қор тарапынан қабылданған шешімдердің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Кеңеске Қоғамның Басқарма мүшелері, еншілес және тәуелді ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне жауапты тұлғалар қатысты.

  «Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» департаментінің директоры Т.М.Максилов Қоғамның компаниялар тобындағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің жай-күйі, 2021 жылы атқарылған жұмыстар мен 2022 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясының алдын алу, атап айтқанда аурулардың динамикасы, қызметкерлердің ревакцинация процесі және т. б. туралы хабардар етті.

  Бірқатар ЕТҰ-лардың бірінші басшыларының баяндамалары тыңдалып, кәсіпорындар бойынша негізгі дамыту бағыттары атап өтілді.

  Өткізілген кеңес барысында «Everyco» компаниясы «Қауіпсіздік мәдениетін құрудағы басшының рөлі» тақырыбында ақпараттық сессия өткізді, ЕТҰ арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласы бойынша үздік ролик байқауының жеңімпаздары жарияланды.

  Кеңес барысында С.Қ.Есімханов жоғары буын басшыларын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне тартудың маңыздылығын, жобаларды іске асыруды белсенді жалғастыру қажеттігін, сондай-ақ әлемдік тәжірибені зерделеу және озық компаниялармен тәжірибе алмасу практикасын жандандыруды атап өтті.

  Кеңес нәтижесі бойынша еншілес ұйымдарға бақылау-қадағалау және алдын алу шараларын күшейту, жарақаттану деңгейін төмендету, оның ішінде өндіріспен байланысты емес шараларды да ескеру қажеттігіне қатысты бірқатар хаттамалық тапсырмалар берілді.

        Тапсырмалар шеңберінде қызметкерлердің белсенділігін арттыру, тәуекелге бағдарлау, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Қорының үміт-болжамдарын кезең-кезеңімен іске асыру мәселелері жоспарланғанын атап өткен жөн.