«Самұрық-Энерго» АҚ Энергия өндіруші ұйымдарының өткен жылы электр энергиясын өндіру көлемі 2020 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіштерімен салыстырғанда 13,5 пайызға артып, 35 609,3 млн.кВтс құрады. Бұл туралы Компанияның сайтында жарияланған 2021 жылғы қаңтар – желтоқсан кезеңінде Қазақстанда өндірілген электр энергиясы мен көмір нарығының талдауы туралы есепте айтылды.
Жалпы, талдауға сәйкес, Жүйелік оператордың деректері бойынша, ҚР-ның барлық электр станциялары 2021 жылы 114 447,9 млн. кВтс электр энергиясын өндірді, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңнен 5,8% - ға артық. Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) барлық аймақтарында өндірудің өсуі байқалды.
Сонымен қатар, 2021 жылы 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан көрсеткіштерімен салыстырғанда республиканың электр энергиясын тұтыну динамикасында 6% - ға өсу байқалды. Мәселен, республиканың солтүстік аймағында тұтыну 5% - ға, оңтүстігінде 9% - ға және батысында 7% - ға өсті.
2021 жылы 111 742,4 мың тонна тас көмір өндірілді, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (109 227,6 мың тонна) 2,3% - ға артық.
Осы кезеңде «Самұрық-Энерго» электр энергетикалық холдингінің құрылымындағы көмір өндіруші компания «Богатырь Көмір» ЖШС, 44 632 мың тонна көмір өндірді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5% - ға артық (44 436 мың тонна). Бұл үстіне 2021 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС 44 848 мың тонна көмір сатты, оның ішінде ішкі нарыққа 34 939 мың тонна босатылды, экспортқа (РФ) - 9 802 мың тонна жіберілді. 2021 жылы көрсеткіштері бойынша, 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда «Самұрық-Энерго» АҚ-да көмір сатудың 2,5% - ға өскені байқалады.
Нарықты талдауға сәйкес, ҚР ЖЭК-ті (КЭС, ЖЭС, БГС, шағын ГЭС) пайдалану объектілерінің электр энергиясын өндіру көлемі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 4 220,3 млн.кВтс құрады. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңімен салыстырғанда өсім 30,1% - ды құрады.
«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК объектілерінің (КЭС, ЖЭС, шағын СЭС) электр энергиясын өндіруі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 325,3 млн.кВтс немесе ҚР-да ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясы көлемінің 7,7% - ын құрады.
2021 жылғы қаңтар – желтоқсан аралығындағы Қазақстандағы электр энергиясы мен көмір нарығын талдау туралы толық ақпаратпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/press-center/analytical-review#2021