Жобаның атауы: «TotalEnergies Renewables S.A.S (бұдан әрі – Total) және «KMG Green Energy» ЖШС компанияларымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында қуаты 1 ГВт және энергия сақтау жүйесі 300 МВт/600 МВт·сағ болатын жел электр станциясын (ЖЭС) салу».
«Жасыл» экономикаға көшу және көміртегі ізін азайту жөніндегі мемлекеттік стратегияны іске асыру аясында, сондай-ақ 2022 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасында қол қойылған «Ғаламдық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы» үкіметаралық келісім шеңберінде, Total компаниясымен бірлесіп Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт және энергия сақтау жүйесі 300 МВт/600 МВт·сағ болатын жел электр станциясын салу жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылуда.
Жобаны іске асыру мақсаты:
Жобаны іске асыру парниктік газдар шығарындыларын азайту және елдің энергетикалық жүйесіндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру арқылы қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған.
Бастама «жасыл» экономикаға көшу басымдықтарына және Қазақстанның БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы аясындағы халықаралық экологиялық міндеттемелеріне сай келеді.
Іске асыру мерзімі: 2021–2028 жылдар.
Жобаның артықшылықтары:
- Заманауи, энергия үнемдеуші технологияларды пайдалану;
- Қосалқы станциялардың, электр берілісі желілерінің (ЭБЖ) және ілеспе инфрақұрылымның құрылысы;
- Энергия сақтау жүйелерін қолдану арқылы энергия жүйесінің сенімділігін арттыру;
- ЖЭС құрылысы мен пайдалану кезеңінде жаңа жұмыс орындарын құру.
Күтілетін нәтижелер:
- Елдің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия үлесінің артуы;
- Қоршаған ортаға шығарындылардың төмендеуі;
- Өңірлік инфрақұрылымның дамуы және өңірдің инвестициялық тартымдылықтың артуы.
Ағымдағы мәртебесі:
- 2022 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Француз Республикасы Үкіметі арасында «Ғаламдық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы» үкіметаралық келісімге қол қойылды;
- 2023 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ COP28 конференциясында мемлекет басшыларының қатысуымен инвестициялар туралы келісімге қол қойылды;
- Жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
