Жобаның сипаттамасы: Шүлбі СЭС-тің екінші кезегін салу
«Шүлбі СЭС-тің екінші кезегін салу» жобасы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В.Скляр бекіткен 2020 жылғы 04 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының гидроэнергетика саласын дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған жоспарын орындау шеңберінде іске асырылуда
Екінші кезекті салу арқылы Шүлбі СЭС-ін кеңейту жобасы Қазақстан үшін маңызды мәнге ие. Кеңестік кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейін Шүлбі СЭС-ін екінші кезекті салу есебінен кеңейту қажеттілігі туралы мәселе, ең алдымен, ҚХР-мен су ресурстарын пайдалану жөніндегі мәселенің реттелмеуі жағдайында Ертіс трансшекаралық өзенінде көп жылдарға есептелген реттеуші су қоймасын салу арқылы су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты болды.
Жобаның мақсаттары:
Жобаны іске асыру Шүлбі СЭС-тің белгіленген қуатын 702 МВт-дан 1050 МВт-қа (~ 348 МВт) дейін ұлғайту есебінен Қазақстанның бірыңғай энергожүйесі үшін қосымша маневрлік электр қуат құра отырып, Ертіс өзенінің ағынын көпжылдық реттеу үшін су қоймасын салуға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру кезеңі: 2024-2032 жж.
Ағымдағы жағдайы : проект находится на этапе подготовки проектной документации жоба жобалық құжаттаманы дайындау сатысында.
