Электр энергиясын жинақтау жүйесі 150 МВт/300 МВт·сағ болатын қуаты 500 МВт жел электр станциясын салу» жобасы Қарағанды облысында China Energy Overseas Investment Co., Ltd. (бұдан әрі – Energy China) компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда

Электр энергиясын жинақтау жүйесі 150 МВт/300 МВт·сағ болатын қуаты 500 МВт жел электр станциясын салу» жобасы Қарағанды облысында China Energy Overseas Investment Co., Ltd. (бұдан әрі – Energy China) компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда

Жобаның атауы: «Электр энергиясын жинақтау жүйесі 150 МВт/300 МВт·сағ болатын қуаты 500 МВт жел электр станциясын салу» жобасы Қарағанды облысында China Energy Overseas Investment Co., Ltd. (бұдан әрі – Energy China) компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу және көміртегі ізін азайту жөніндегі мемлекеттік стратегиясын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ 2024 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасында қол қойылған «Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы» келісім аясында «Самұрық-Энерго» АҚ Energy China компаниясымен бірлесіп, Қарағанды облысында орнатылған қуаты 500 МВт және электр энергиясын жинақтау жүйесі 150 МВт/300 МВт·сағ болатын жел электр станциясын салу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыруда.

Жобаны іске асырудың мақсаты

Жобаның мақсаты – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіру көлемін арттыру, дәстүрлі көмір электр станцияларына тәуелділікті төмендету және Қазақстан энергетика саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Іске асыру кезеңі: 2024–2029 жылдар.

Жобаның артықшылықтары:

  • Қазіргі заманғы, энергия үнемдейтін жел турбиналарын пайдалану;
  • Қосалқы станция, электр жеткізу желілері және ілеспе инженерлік нысандарды салу;
  • Энергожүйенің сенімділігін арттыру үшін энергия жинақтау жүйелерін қолдану;
  • Жел электр станциясын салу және пайдалану кезеңінде жаңа жұмыс орындарын ашу.

Күтілетін нәтижелер:

  • Елдің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия үлесін арттыру;
  • Қоршаған ортаға шығарындыларды азайту;
  • Өңірлік инфрақұрылымды дамыту және аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру.

Ағымдағы мәртебесі:

  • 2024 жылғы қарашада – COP29 конференциясы аясында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасында «Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы» үкіметаралық келісімге қол қойылды.