Жобаның атауы: «China Energy Overseas investment Со., Ltd. компаниясымен (бұдан әрі - Energy China) бірлесіп, Түркістан облысының Сауран ауданында 90 МВт/360 МВт/сағ электр энергиясын жинақтау жүйесі бар қуаты 300 МВт күн электр станциясын салу».
«Жасыл» экономикаға көшу және көміртегі ізін азайту жөніндегі мемлекеттік стратегияны іске асыру шеңберінде, сондай-ақ 2024 жылғы қарашада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасында «Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы» келісім шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ Energy China компаниясымен бірлесіп, Түркістан облысында белгіленген қуаты 300 МВт және 90 МВт/360 МВт/с электр энергиясын жинақтау жүйесі бар күн электр станциясын (КЭС) салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырады.
Жобаны іске асыру мақсаты:
Жобаның мақсаты - жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайту, дәстүрлі көмір электр станцияларына тәуелділікті азайту, сондай-ақ Қазақстанның энергетика саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Іске асыру мерзімі: 2024-2027 жж.
Жобаның басымдықтары:
- Заманауи, энергия үнемдейтін күн панельдерін пайдалану;
- Қосалқы станция, ЭБЖ және ілеспе инженерлік объектілер салу;
- Энергия жүйесінің сенімділігін арттыру үшін энергия жинақтау жүйелерін қолдану;
- КЭС-ті салу және пайдалану кезеңінде жаңа жұмыс орындарын құру.
Күтілетін нәтижелер:
- Елдің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергияның үлесін ұлғайту;
- Қоршаған ортаға шығарындыларды азайту;
- Өңірлік инфрақұрылымды дамыту және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру.
Ағымдағы жағдайы:
- 2024 жылғы қараша - COP29 конференциясында ҚР және ҚХР Үкіметтері арасында «Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы» үкіметаралық келісімге қол қойылды;
- 2025 жылғы 16 маусым – «Орталық Азия - Қытай» саммиті аясында «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу – қаржы орталығы» ЖШС мен Energy China арасында Электр энергиясын сатып алу туралы келісімге қол қойылды;
- 2025 жылғы 2 қыркүйек – ҚР - ҚХР Іскерлік кеңесінің отырысы шеңберінде «Sauran Solar Power» ЖШС-мен Инвестициялар туралы келісімге және Электр энергиясын сатып алу-сату шартына қол қойылды;
Жоспарланатын іс-шаралар:
- ЕРС-келісімшартқа қол қою.
