Project title: Construction of a 1 GW wind power plant with an ESS in Zhambyl region in cooperation with Masdar
Жобаның атауы: «Masdar компаниясымен бірлесіп Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын ЭСЖ бар ЖЭС салу»
Жобаны іске асыру мақсаты: Қазақстанның климаттық ерекшеліктеріне сәйкес, Жамбыл облысындағы жел электр станциясы еліміздің 2030 жылға қарай энергияның 15 пайызын жаңартылатын көздерден өндіру, 2050 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін арттыру және 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсаттарына елеулі үлес қосатын болады. Бұл бастама Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстанға жаңартылатын энергия көздері секторын дамытуға көмек көрсету жөніндегі міндеттемелеріне негізделген және бұл COP28 конференциясында ерекше атап өтілген болатын.
Жоба сипаттамасы: Masdar, W Solar, Qazaq Green Power PLC және Қазақстанның Инвестициялық даму қоры (KIDF) компаниялары бірлесіп әзірлеген жоба – Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы «Жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы» Үкіметаралық келісім шеңберінде жүзеге асырылып жатқан маңызды инвестициялық бастама болып табылады.
Іске асыру кезеңі: 2023–2029 жылдар.
Ағымдағы мәртебесі: Жоба қазіргі уақытта жобалау-іздестіру жұмыстары кезеңінде. Қазіргі уақытта жел мониторингі, геотехникалық және гидрологиялық зерттеулер, сондай-ақ жерге орналастыру құжаттамасын дайындау жүргізілуде. Сонымен қатар, компания халықаралық банктермен бірлесіп жобаны қаржыландырудың қаржылық аспектілерін пысықтауда.
