Семей СЭС-ін салу

Семей СЭС-ін салу

Жобаның сипаттамасы: Семей СЭС-ін салу

«Семей ГЭС-ін салу» жобасы Қазақстан Республикасы Абай облысы аумағында Ертіс өзенінде жалпы қуаты 350 МВт-ға дейінгі су электр станциясын әзірлеуді, іске асыруды және пайдалануға беруді көздейді.

Бұл жобаның еліміз үшін стратегиялық маңызды зор және СЭС-тің Жоғарғы Ертіс каскадының маневрлік қуатын арттыруға, сондай-ақ Ертіс трансшекаралық өзенінің ағынын реттеуде шешуші рөл атқаратын қосымша су қоймасын салуға бағытталған.

«Семей СЭС-ін салу» жобасы 2020 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.Скляр бекіткен Қазақстан Республикасының гидроэнергетика саласын дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған жоспарына енгізілген.

Бұдан бөлек, СЭС салу және оны пайдалану Абай облысы экономикасының басқа салаларын да (көлік, ауыл шаруашылығы, туризм) дамытуға мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірлік кірістің өсуіне, жұмыспен қамтуға, бюджеттік базаны кеңейтуге, су тасқыны қаупін төмендетуге, шығарындыларды азайтуға әсерін тигізеді.

Жобаның мақсаттары:

1. Шүлбі СЭС-інің контрреттеуіші - Семей СЭС-ін салу Шүлбі СЭС-іне салынған бүкіл әлеуетті пайдалануға мүмкіндік береді.

2. Шүлбі СЭС-інің реттеуші қуатын 500 МВт-ға дейін ұлғайту; 

3. Трансшекаралық Ертіс өзенінде тұщы су қоры бар қосымша су қоймасын салу.

4. Семей қаласын су басып кетпеу мақсатында Шүлбі СЭС-інен суды әркелкі жіберу жағдайларын теңестіру.

Жобаны іске асыру кезеңі: 2023-2031 жж.

Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасында қол қойылған 2024 жылғы 20 наурыздағы Басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісім шеңберінде іске асырылуда.