Жобаның атауы: «Ұлытау облысында PetroKazakhstan компаниясымен бірлесіп ЭСЖ бар қуаты 100 МВт болатын ЖЭС салу»
Жобаны іске асыру мақсаты: Декарбонизациялау және көміртегі ізін азайту – 2030 жылға қарай энергияның 15 пайызын жаңартылатын көздерден өндіру, 2050 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін арттыру және 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсаттарына жету. Сонымен қатар, энергетикалық балансты әртараптандыру және көмір генерациясына тәуелділікті төмендету көзделеді.
Жобаның сипаттамасы: Жоба аясында корпоративтік электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын (В2В келісімшарттары) жасасу қарастырылған. Жобада жетекші әлемдік өндірушілердің жоғары тиімді жел энергетикалық жабдықтарын қолдану жоспарлануда. Олардың қатарына өңірдің климаттық жағдайларына бейімделу деңгейі жоғары турбиналар және станция жұмысының цифрлық мониторинг жүйелері кіреді. Энергия сақтау жүйесі жүктеменің ең жоғары кезеңдерінде қуатты реттеуді, генерация ауытқуларын теңестіруді және энергияны желіге кесте бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді.
Іске асыру мерзімі: 2024–2027 жылдар.
Ағымдағы мәртебесі:
Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірленіп жатыр. Жоба жобалау-іздестіру жұмыстары кезеңінде. Жел мониторингі, геотехникалық зерттеулер және қуатты беру сызбасын әзірлеу жүргізілуде. Сонымен қатар, жобаны қаржыландыру құрылымы мен шарттарын анықтау бойынша банктермен және қаржы ұйымдарымен келіссөздер жалғасуда. Осы жұмыстармен қатар жабдық жеткізушілер мен мердігер ұйымдарды таңдау мәселелері пысықталуда.
