«Павлодар облысында CPIH компаниясымен бірлесіп қуаты 1 ГВт болатын ЭЖЖ бар ЖЭС салу» жобасы

«Павлодар облысында CPIH компаниясымен бірлесіп қуаты 1 ГВт болатын ЭЖЖ бар ЖЭС салу» жобасы

Жобаның атауы: «Павлодар облысында CPIH компаниясымен бірлесіп қуаты 1 ГВт болатын  электр жинақтау жүйесі  (ЭЖЖ) бар Жел электр станциясын (ЖЭС) салу» жобасы

Жобаны іске асыру мақсаты:

Декарбонизацияны қамтамасыз ету және көміртегі ізін азайту – 2030 жылға қарай энергияның 15 пайызын жаңартылатын көздерден алу, 2050 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін ұлғайту және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу. Энергия теңгерімін әртараптандыру және көмір генерациясына тәуелділікті төмендету.

 

Жоба сипаттамасы: Жоба Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасында қол қойылған «Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы» келісімге сәйкес жүзеге асырылуда. Жоба шеңберінде жетекші әлемдік өндірушілердің заманауи, жоғары тиімді жел энергетикалық жабдықтарын қолдану жоспарланған. Турбиналар аймақтың климаттық жағдайларына барынша бейімделген және станция жұмысының цифрлық мониторингі жүйелерімен жабдықталады.
Энергияны жинақтау жүйесі жүктеменің шекті кезеңдерін реттеуге, генерация ауытқуларын теңестіруге және электр энергиясын желіге кесте бойынша жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Іске асыру кезеңі: 2023–2028 жылдар.

Ағымдағы мәртебесі:

Қазіргі уақытта жобалау-іздестіру жұмыстары, сондай-ақ жел мониторингі және қуатты беру сызбасын әзірлеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, банктермен және қаржы ұйымдарымен жобаны қаржыландыру құрылымы мен шарттары бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Осы шараларға қоса жабдық жеткізушілерін және мердігерлік ұйымдарды таңдау мәселелері пысықталуда.